Ұлттық ұлан сел салдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда (фото)

Фотография - Ұлттық ұлан сел салдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда (фото)

244 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 28237, 52859 әскери бөлімдері Алматының Наурызбай және Алатау аудандарында көшелер мен әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй аумақтарын ағын сумен келген лай, батпақтан тазартуда, - деп хабарлайды  ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов.

28237 әскери бөлімінің 330 жауынгері бүгінгі таңда Наурызбай ауданындағы №187 орта мектеп, "Айдария" балабақшасы, "Қарғалы" бау-бақша қоғамының аумағын, Қарғалы, Каменка, Таусамалы елді-мекендерінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Күн сайын жауынгерлер 1000 тоннадан астам тас аралас лайды сыртқа шығаруда.

5 тамыз күні әскери бөлім жауынгерлерінің күшімен келесі жұмыстар атқарылды:

28237 әскери бөлімі:

- № 1 топ № 187 орта мектеп аумағын тазалау бойынша жұмыс атқарды. 340 тонна лай шығарылды.

- № 2 топ Алмалы көшесі бойындағы №3, 8, 10 үйлердің жертөлелерін тазалады. 90 тоннаға жуық лайлы су сыртқа шығарылды.

- № 3 топ "Айдарья" балабақшасының аумағынан 60 тоннаға жуық тас аоалас лай шығарды.

- № 4 топ Жетісу көшесіндегі № 11,12, 13а, 14, 15, 16 үйлер және "Қарғалы" саяжайы аумағынан 220 тонна лай шығарды. .

Сонымен қатар, сарбаздардың күшімен №187 орта мектептің стадионы тазартылды.

Қарағанды қаласынан келген 52859 әскери бөлімінің 146 жауынгері Алатау ауданы Алғабас кентінде тұрғын үйдердің аумағын тазалаумен айналысты. Бір күнде барлығы 843 тонна лай шығарылып, жолдар мен арықтар тазартылды.