Павлодар облысының мешіттерінде жаназаларда берілетін ас мәзірі бекітілді

Фотография - Павлодар облысының мешіттерінде жаназаларда берілетін ас мәзірі бекітілді

Павлодар облысының имамдары мұсылман жамағаттың қолдауымен жаназаларда берілетін ас мәзірін бекітті.

522 0

Павлодар облысының имамдары мұсылман жамағаттың қолдауымен жаназаларда берілетін ас мәзірін бекітті, деп хабарлайды Bnews.kz.
Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің наиб имамы Нұржан Дәулеткелдіұлы осындай шешім мұсылман жұртшылығында ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында қабылданғанын айтады.

"Қазіргі таңда жаназа кезінде қайтыс болған адамның рухына құран бағышталып, ас беру тұрғындар арасындағы бәсекеге айналып кетті. Қарап отырсақ, жаназа дастарханы тойға жайылған сияқты. Жасыратыны жоқ қойылған астың барлығы желінбейді, салдарынан ысырапшылыққа жол беріледі. Үстелдегі жеміс-жидек, көкөніс, сондай-ақ, көптеген тәттілер – артық дүние. Ысырап – мал-мүлікті діни және адамгершілік тұрғысынан дұрыс болмаған жерлерге жұмсау", – дейді Нұржан Дәулеткелдіұлы.

Орталық мешіт қызметкерлері ас мәзірін реттеу бастамасын өңірдің дін жанашырлары көтергенін жеткізді. Облыстың қала-аудандарындағы 93 мешіттің өкілдері қолдау білдірген.

Дін қызметкерлері тұрғындар тарапынан туындаған түсінбеушілік туындамау үшін халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

"Ас мәзірі құрамында ет, шелпек, құрт, май, нан немесе бауырсақ енгізілген. Сондай-ақ, дастарханға қолдан ұннан жасалған тәтті тағамдарды қоюға болады. Әркім өз шамасына қарайды. Жылқы сойып, ет асу міндетті емес. Бекітілген мәзірге орай бір ыстық тамақ беруге рұқсат", – дейді Нұржан Дәулеткелдіұлы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!