Wifi Bus Astana қызметін 1 миллионнан астам адам пайдаланған

Фотография - Wifi Bus Astana қызметін 1 миллионнан астам адам пайдаланған

2015 жылдың 1 шілдесінде Астанада Wifi Bus Astana пилотты жобасы іске қосылған болатын. Соның негізінде қаланың қоғамдық көліктері тегін интернетпен қамтамасыз етілді

314 0

2015 жылдың 1 шілдесінде Астанада Wifi Bus Astana пилотты жобасы іске қосылған болатын. Соның негізінде қаланың қоғамдық көліктері тегін интернетпен қамтамасыз етілді. Аталмыш жоба Астана қаласы әкімдігімен бірлесе жүзеге асырылған. Жоба аясында барлық қала автобустары қамтылды, олардың жалпы саны 550 дананы құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Wifi Bus Astana жобасының басты мақсаты - жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және оларды қажетті ақпаратпен қамту болып табылады. Кез-келген қоғамдық көлік пайдаланушысы Wi-fi арқылы керекті маршрут пен аялдамалар туралы ақпаратты ала алады.

30 күн ішінде Wifi Bus Astana қызметін пайдаланушылардың саны 1 миллион 26 мың адамды құрады. Тәулігіне, орташа есеппен, бір автобуста 114 қолданушы Wifi Bus Astana қызметіне жүгінеді. Өткен ай көлемінде бір ғана автобустың жолаушылары 2565 гигабайт ақпаратты пайдаланған болатын. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жолаушылардың көбінде музыка тыңдап, әлеуметтік желілер үшін Wifi Bus Astana қызметін пайдаланатыны белгілі болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!