402

Астанада кейбір жол бөліктерінде қозғалыс шектеледі

Жұмыс кезінде қажетті ескерту және тиым салу жол белгілері қойылады.
Фотография - Астанада кейбір жол бөліктерінде қозғалыс шектеледі

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 7 тамыздан бастап Абылай хан даңғылынан бастап Абылай хан даңғылынан тығырыққа дейінгі Мүсірепов көшесінің орташа жөндеу жұмыстары басталады. 

Сонымен қатар, 17-20 тамыз аралығында аталмыш жол бөлігінде асфальт төсеу үшін автокөлік қозғалысы жабылады. Жұмыс 22 тамызда аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс кезінде қажетті ескерту және тиым салу жол белгілері қойылады.

Осыған байланысты автокөлік жүргізушілеріне жол бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.

Загрузка...