Алматыда селден зардап шеккен аудан тұрғындары Ішкі істер министріне алғыс білдірді

Тыныс-тіршілік
626
Алматы қаласы Наурызбай ауданында болған апат салдарынан зардап шеккен тұрғындар ҚР ІІМ-нің блогына хат жазып, алғыс білдірді, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов.

Наурызбай ауданының тұрғындары атынан ІІМ-і полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың атына Ұлттық ұлан жауынгерлерінің елді мекен тұрғындарына көрсетіп жатқан көмектері туралы 3 алғыс хат жазылған.

"Сәлеметсіз бе, құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы! Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарағайлы елді мекенінде апат болғанда бізге көмек көрсеткен 28237 әскери бөлімінің 1-құтқару батальонына алғыс білдіргіміз келеді. Жігіттер қиындықты бізбен бірге көтеріп, жандарын сала көмектесті. Өз міндеттерін адал атқарды. Командирлер солдаттарды нақты тапсырмалармен бағыттап отырды. Сарбаздар соған сай жинақы қимылдап, жұмыс өте жақсы нәтиже берді", - делінген Гүлвира Сыздықова есімді азамттың хатында.

Ұлттық ұлан жауынгерлеріне сонымен қатар, №188 орта мектеп ұжымы да алғыс білдірді.

"Мектеп мұғалімдеріне көмекке алғашқы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жауынгерлері келді. Атап айтқанда, 28237 әскери бөлімінің сарбаздары. Құтқарушылардың жалпы жұмысына ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Андрей Каскеленов басшылық жасады. Командирлерінің жүйелі басшылығы арқасында солдаттар қысқа мерзімде берілген тапсырмаларды орындап шықты. №188 мектеп директоры, педагогикалық ұжым атынан әскери бөлім басшыларына алғыс білдіреміз", - делінген мектеп ұжымының алғыс хатында.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}