Қарағандыда тегін тауық таратылады

Фотография - Қарағандыда тегін тауық таратылады

Қарағанды облысы Үштөбе ауылындағы К.Маркс атындағы құс фабрикасы 150 мыңға жуық тауықты мұқтаж отбасыларға тегін таратуды жоспарлап отыр

362 0

Қарағанды облысы Үштөбе ауылындағы К.Маркс атындағы құс фабрикасы 150 мыңға жуық тауықты мұқтаж отбасыларға тегін таратуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Қазір қаражаттан қысылып отырғандықтан, тауықтарымыздың 30 пайызын таратуға мәжбүр болып отырмыз. Тауықтар бірінші кезекте кәсіпорын жұмысшыларына, қайырымдылық ұйымдарына, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға беріледі. Егер де халық көп келмейтін болса, сұрап келушілердің барлығына бірдей тарата береміз. Себебі, 70 күннің ішінде 150 мың тауықты таратып үлгеруіміз керек", - дейді құс фабрикасының директоры Валерия Семенова.

Мекеме басшысының айтуынша, акцияның алғашқы күні кәсіпорын жұмысшыларына 3 мыңға жуық тауық үлестірілген. Екінші партиясы балалар үйлері мен қайырымдылық ұйымдарына жөнелтіледі. Сонан соң көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отабсыларға жеткізіледі.

Қазіргі кезде фабрикада 800 мың бас тауыққа шақталған 24 құс өсіретін корпус жұмыс істейді. Мұнда күніне 247 мың, жылына 130 млн жұмыртқа өндіріледі.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!