Астанада шілде айында 520 ұйым мен кәсіпорын тіркелді

Фотография - Астанада шілде айында 520 ұйым мен кәсіпорын тіркелді

Астана қалалық статистика департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың шілде айында 520 кәсіпорын мен ұйым тіркелген. Жаңадан тіркелген субъектілердің негізгі бөлігі «Алматы» (52,3%) және «Сарыарқа» (27,1%) аудандарында шоғырланған

170 0

Астана қалалық статистика департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың шілде айында 520 кәсіпорын мен ұйым тіркелген. Жаңадан тіркелген субъектілердің негізгі бөлігі «Алматы» (52,3%) және «Сарыарқа»  (27,1%) аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданының үлесі 20,6%құрап отыр, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.
Жаңа заңды тұлғалардың 495-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген (ары қарай-ЖШС). Бұдан бөлек, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 15-і қоғамдық бірлестіктер мен қорлар (ары қарай - ҚБ), 4-і мемлекеттік кәсіпорындар (ары қарай - МК), 2-еуі заңды тұлғалар бірлестігі (ары қарай - ЗТБ) болса, 2-еуі мекеме, 2-еуі  тұтынушы кооперативі болып табылады (ары қарай - ТК).
Статистика бойынша, тіркелген заңды тұлғалар жетекшілерінің арасындағы ерлер саны 370, әйелдер 150-ді құрап отыр. Осы уақыт аралығында жабылған кәсіпорындар арасында ерлер 434, әйелдер 100 болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!