Алматыда Есімовті шығарып салу рәсімін өткізу ұсынылды

Фотография - Алматыда Есімовті шығарып салу рәсімін өткізу ұсынылды

Қазақстандық қорғаушы Жангелді Сүлейманов бұрынғы әкім Ахметжан Есімовті шығарып салу кешін ұйымдастыруға ұсыныс жасады.

294 0

Қазақстандық қорғаушы Жангелді Сүлейманов бұрынғы әкім Ахметжан Есімовті шығарып салу кешін ұйымдастыруға ұсыныс жасады.

"Есімов Алматы үшін пайдалы әрі игі жұмыстар жүргізді. 7 жылдан астам уақыт Есімов біздің қаланың басшысы болып келді. Бұл рекорд сияқты. Есімовке Алматыға сіңірген еңбегі үшін алғыс ретінде қандай да бір іс-шара ұйымдастырсақ жақсы болар еді", – деп жазды заңгер.

Ол мұндай іс-шараға танымал адамдармен қоса, қарапайым тұрғындарды, балалар үйінің түлектерін және жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды шақыру керек деп санайды.

"Бұл кеш жағдайы төмендерге көмек көрсететін қайырымдылық ақциясына айналуы тиіс. Жиналған қонақтар қайырымдылыққа өз үлестерін қоса алады. Ал балалар тәтті тағамнан дәм татып, сыйлықтар алатын еді. Алматыға осынша күшін сарп еткен адамға алғыс білдірмегеніміз жарамас. Бізде жақсы досты ақ жол тілеп, шығарып салу дәстүрі бар емес пе?", – деп еске салды Сүлейманов.

Қорғаушы мұндай кеште жаңа әкімге Алматы үшін бар күшін салуға ынталандыратын тілек-нұсқаулар жаудыру мүмкіндігі де туады деп есептейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!