Елорда әкімдігінде қаланың қыс маусымына дайындығы талқыланды

Фотография - Елорда әкімдігінде қаланың қыс маусымына дайындығы талқыланды

Бүгін елорда әкімдігінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті

337 0

 

Бүгін елорда әкімдігінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті, деп хабарлады  astana.kz.


Күн тәртібінде елорданың қысқы жылыту маусымына дайындығы, қаладағы жол-көлік инфрақұрылымының жағдайы, сонымен қатар, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру реті талқыланды.

Жиналыс барысында қалалық құрылымдардың басшылары елорда әкіміне Астана энергокешенінің, тұрғын үй қоры, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы жөнінде есеп берді.

Астана әкімі қаланың климаттық ерекшелігін ескерсе, қыс маусымы ұзаққа созылатындығына баса назар аударды. Сондықтан, тұрғындар мен қала қонақтарының қысқы бос уақыттарын ұйымдастыру мен елорданың қысқы безендірілуіне көп көңіл бөлу керектігін айтты. Атап айтқанда, қала саябақтарында шаңғы жолдары, аулаларда мұз алаңдары мен хоккей алаңдары, қала аудандарында қысқы қалашықтардың жасалуы керектігін ескертті.

- Қыс маусымына дайындалу - біздің жұмысымыздағы басты мәселе. Қаланың құзіретті құрылымдары бұл мәселеге жіті назар аударулары қажет, - деді әкім.

Астананың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындығына тоқтала отырып, қала басшысы Астананың халықаралық байланыстарын кеңейту керектігін сөз етті.

- Ұлттық компания басшылығының ауысқанына қарамастан, әкімдіктің ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге бағытталған жұмыстарының жүйесі өзгермейді. Бұған дейін мен жақын орналасқан қалалар мен аймақтарға ресми сапарлар жасау мәселесін шешіп, оларды ақпараттандыру және көрмеге тартуды жүзеге асыруды тапсырған болатынмын. Бұл әкімдіктің ресми шарасы, оларды ЭКСПО көрмесін насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болады, - деді қала басшысы.

Осыған орай, әкім елорданың іскер және мәдени ортасының халықаралық шараларға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын барысында елордадағы жол жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол асты және жол үсті өту орындарының жағдайы талқыланды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!