ҚР Қарулы Күштерінде «Ата заңға адал» патриоттық акциясы басталды

Фотография - ҚР Қарулы Күштерінде «Ата заңға адал» патриоттық акциясы басталды

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің барлық өңірлік қолбасшылықтарында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай "Ата заңға адал" патриоттық науқаны өтуде.

212 0

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің барлық өңірлік қолбасшылықтарында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай "Ата заңға адал" патриоттық науқаны өтуде.

Акцияның басты мақсаты – мемлекеттің негізгі Заңын, "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеяны құрметтеу дәстүрін нығайту. Іс-шара Қарағанды қаласында бастау алды, онда акцияға әскери қызметшілер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.

"Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша біз ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің барлық гарнизондарында боламыз, бұл дегеніміз ҚР ҚК 70%, 30-дан астам гарнизон. Науқан Қарулы Күштер ауқымында алғаш рет өткізіліп отыр. Конституцияның 20 жылдығына арналған ауыспалы вымпел ҚР Қарулы Күштерінің барлық гарнизондары бойынша өтеді", - деді құттықтау сөзінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.
Гарпнзондарда өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектері мен әскери бөлімдер қолбасшылығының Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің тұрып жатқан жерлеріне баруы, оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен құттықтауы, мемлекеттің құрылуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан қалалардың құрметті ақсақалдарымен жеке құрамның кездесуі өтеді. Одан басқа, қызметтік міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді мадақтау және марапаттау, "Үздік жас отбасы", Жауынгерлік сайыстың озаты", "Үздік аға тәлімгер", "Үздік кіші командир" байқауларының жеңімпаздарын марапаттау, сондай-ақ көркемөнерпаздардың мерекелік концерті өткізіледі.
Қарағандыдан кейін науқан Ақтау (12 тамызда), Шымкент (18 тамызда) қалаларында өтетінін және Өскеменде (24 тамызда) аяқталатынын айта кеткен жөн.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!