Алматыда селден кейінгі апатты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Фотография - Алматыда селден кейінгі апатты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Алматыда Наурызбай, Алатау, Əуезов аудандарында селден кейінгі қалпына келтіру жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитеті хабарлады.

364 0

Алматыда Наурызбай, Алатау, Əуезов аудандарында селден кейінгі қалпына келтіру жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитеті хабарлады.
Осы уақыт аралығында Алматының үш ауданынан 258,3 мың текше метр лай-тас араласқан масса шығарылды.

Наурызбай ауданында тұрғын үйлер мен əлеуметтік нысандар, № 187 мектептің ауласы тазартылуда. Сондай-ақ, Қарғалы өзенінің зақымданған арнасы қалпына келтірілуде.

Республикалық жедел құтқару  жасағы 114 патты ағашты кесіп, сыртқа шығарды. Жергілікті халықты сумен, газбен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. "Қазселденқорғау" МК селден қорғау құрылғысының торлары тазартылуда.

Қазір Іле Алатауының сел қауіпті аймақтары мен Қарғалы өзенінің арнасы қатаң бақылауға алынды.

Сел қалдықтарын жою жұмыстарына ТЖД мен ІІД жеке құрамының 1084 қызметкері мен 181 көлік жұмылдырылды.


Тегтер:

Алматы сел

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!