524

Демалыс күндері Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі

Ағымдағы жылдың 15-16 тамызында Игілік көшесі бойында Ташкент көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін беткі асфальтті бетон қабатын салу салдарынан автокөлік үшін қозғалыс жабылады
Фотография - Демалыс күндері Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі

Ағымдағы жылдың 15-16 тамызында Игілік көшесі бойында Ташкент көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін беткі асфальтті бетон қабатын салу салдарынан автокөлік үшін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты Астана қалалық Көлік басқармасына сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аталмыш жол бөлігінде №24 автобус бағдары "ТЭЦ-1" аялдамасына дейін, №30 автобус бағдары "Жас Ұлан мектебі" аялдамасына дейін жүреді.

Азаматтарды ақпараттандыру үшін қажетті жол белгілері қойылатын болады.

Загрузка...