Астанада жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Тыныс-тіршілік
618
Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-1 жөндеу жұмыстарына төрт нысанның түбегейлі жөндеу жұмыстары кіреді

Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, «Астана-Энергия» АҚ  ЖЭО-1 жөндеу жұмыстарына төрт нысанның түбегейлі жөндеу жұмыстары кіреді.  Бүгінгі күні 3 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды (№ 1, № 10 қазандық агрегаты және № 3 турбоагрегаты). №2 қазандық агрегатын түбегейлі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстарды 10 қыркүйекке дейін бітіру жоспарланған.

Көмекші құралды түбегейлі жөндеу кесте бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге, ЖЭО-2 станциясында №3 қазандық агрегатының жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 92% жасалды және 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. №2 турбоагрегатының түбегейлі жөндеу жұмыстарына 12 тамыздан бастап кірісіп, ағымдағы жылдың қазанында бітіру көзделіп отыр.

«Астана-Энергия» АҚ жөндеу компаниясы алты аудандық қазандықта негізгі құралдың түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. ЖЭО-1 құрылғыларын жөндеу жұмыстары 75% орындалды, ЖЭО-2  76 %, аудандық қазандықтар бойынша 65% жұмыс аяқталды.

Сонымен бірге, энергия көздері бойынша отынды жоспарлы жинау жалғасуда. 2015  жылы 10 тамыздағы  көрсеткіш бойынша отын қоры: ЖЭО-1: көмір - 31,8 мың тонна, мазут - 8,3 мың тонна; ЖЭО-2: көмір - 86,8 мың тонна, мазут - 625 тонна.

«Астана-Энергия» АҚ  мен «Богатырь Көмір» ЖШС арасында 3 057 600 тонна  көмір жеткізуге келісімшарт жасалды, оның ішінде ЖЭО-2 - 2 652 650 тонна, ЖЭО-1 - 404 950 тонна. Алдағы жылыту маусымына қарай отынның нормативті қоры жиналады.

«Астана-Энергия» АҚ 2015-2016 жылғы  жылыту маусымына дайындығы 59% құрайды. Жөндеу бағдарламалары бекітілген уақытта жылыту маусымының басына дейін орындалады, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить