Алматы әкімдерінің әйелдері туралы не білесіз? (фото)

Фотография - Алматы әкімдерінің әйелдері туралы не білесіз? (фото)

Қазақстандық саясаткерлердің әйелдері көпшілік алдына көп шыға бермейді. БАҚ тілшілерінен барынша аулақ жүреді.

1918 0

Қазақстандық саясаткерлердің әйелдері көпшілік алдына көп шыға бермейді. БАҚ тілшілерінен барынша аулақ жүреді. Белді саясаткерлер тек мемлекеттік қабылдауларға ғана өз жұбайларын ертіп барады.

Comode алматылық шенеуніктер өмірінде маңызды орны бар әйелдер туралы ақпарат жинауға тырысты, деп хабарлайды nur.kz.

Жанар Рахметова

Күйеуі: Бауыржан Байбек – 2015 жылдың тамызынан бастап Алматы әкімі

1439167582phb5l

9 тамызда Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Енді қала әкімшілігін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші экс-басшысы басқаратын болады.

Бауыржан өзінің болашақ жары Жанармен Алматыдан Франкфуртке бағыт алған ұшақтың ішінде танысқан. Екеуі де Германияда бір қалада білім алып, бір-біріне жақын жерде тұрып келгендерін білгеннен кейін жақын таныса бастаған. Жанар – Атырау облысының тумасы. Бүгінде Бауыржан мен Жанардың үш баласы бар.

Сара Есімова

Күйеуі: Ахметжан Есімов – Алматы әкімі (2008-2015)

1439141812w42pd

Посередине - Галия и Айжан Есимовы

Ортасында – Ғалия мен Айжан Есімовалар

Алматы әкімі қызметіне Ахметжан Есімов 2008 жылы тағайындалған болатын. Оның саяси мансабы 1985 жылы Қаскелең аудандық атқарушы комитеттің төрағасы қызметінен басталды. Сол уақытта Есімов әйелі Сарамен танысқан. Арнайы фортепиано кафедрасын меңгеруші әрі “Элегия” триосының қатысушысы болған Сара музыкаға өмірін арнаған жандардың бірі болды. Есімовтар отбасында екі қыз бар: Ғалия және Айжан.

Клара Бекқұлова

Күйеуі: Иманғали Тасмағамбетов – Алматы әкімі (2004-2008)

1439141850uj076

Асель Тасмагамбетова

Әсел Тасмағамбетова

София Тасмагамбетова

Софья Тасмағамбетова

Иманғали Тасмағамбетовтің жары өзі секілді оқытушы мамандығын меңгерген. Бүгінде Клара үйде немерелері Дінмұхаммед пен Нұриддинді тәрбиелеп отыр. Тасмағамбетовтар отбасында 4 бала бар: Әсел, Софья, Нұрғали және Нұрсұлтан. Тасмағамбетовтің қызы Әсел танымал кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тұрмысқа шыққан.

 Лейла Храпунова

Күйеуі: Виктор Храпунов – Алматы әкімі (1997-2004)

011(1)

Алматының ең танымал әкімдерінің біріне тұрмысқа шыққан Лейла Храпунова – Viled компания тобының бұрынғы қожайыны, Алматы экономикалық университетінің негізін қалаушы. Виктор мен Лейланың 5 баласы бар. Қыздары – Галина, Елена және асыранды қызы Эльвира Храпунова-Бельмадани. Соңғы қызы бүгінде Женевадағы зергерлік бутиктің қожайыны. Ұлы Даниэль – Swiss Development Group компаниясының президенті. Ұлы Ілиясты да асырап алған. 2007 жылы Виктор Алматы маңындағы жер учаскелерін заңсыз бөлгені үшін қызметінен босатылды. Лейлаға 2012 жылы алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жарияланған болатын. 2007 жылы отбасы Швейцарияға көшіп кетеді. Храпуновтар Швейцарияның ең бай 300 адамы тізіміне еніп, мүлкі 300-400 млн швейцар франкіне бағаланған.

Шолпан Құлмаханова

Күйеуі: Шалбай Құлмаханов –  Алматы әкімі (1994-1997)

her1

2007 жылы Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кеткен Шалбай Құлмаханов көпшілік назарына шығуын тоқтатты. Саясаткердің иелігінде бірнеше ірі сауда және бизнес орталықтары бар (City Plus, City Center, Grand Asia, White Tower). Барлық дерлік орталықтардың құрылтайшысы – Шолпан. БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Құлмахановтар отбасы Алматыдағы бизнесін сатып жіберген. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталмады.

Мақпал Жүнісова

Күйеуі: Заманбек Нұрқаділов – Алма-ата әкімі (1992-1994)

 

1439142163yxbcg

1439142163ii291

Еліміздің танымал әртісі Мақпал Жүнісова 1981 жылы “Қазақконцерт” республикалық концерт бірлестігінің солисі болатын. Күміс көмей әнші әкімнің жары атанады. Ол Заманбекпен бірге бірталай насихаттау іс-шараларына қатысқан. Алайда 2005 жылы Заманбек Нұрқаділов өз үйінде үш оқ жарақатымен өлі күйде табылады. Күйеуінің қазасынан кейін Мақпал уақытша ән айтуын доғарады. Заманбек пен Мақпалдың Мерей есімді ортақ қыздары бар.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!