"Кселл" компаниясы абоненттерге ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарудың екінші кезеңін бастады

Фотография - "Кселл" компаниясы абоненттерге ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарудың екінші кезеңін бастады

"Кселл" компаниясы Kcell брендіндегі абоненттерге ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарудың екінші кезеңін бастады.

387 0

"Кселл" компаниясы Kcell брендіндегі абоненттерге ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарудың екінші кезеңін бастады. 
Бұл туралы бүгін аталмыш компанияның баспасөз қызметінен хабарлады. 

Бұған дейін мәлім болғанындай, "Кселл" АҚ қалалық монополияға қарсы органның ұйғарымына сәйкес, 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың қыркүйегіне дейінгі тексеру мерзімінде қосылыстың (радиотелефон сұхбаты және Интернет) үзілмей қалуына байланысты Kcell брендіндегі абоненттерге ақшалай қаражатты қайтаруды бастаған болатын.

Енді, 2015 жылдың 9 тамызынан бастап "Кселл" АҚ ерікті түрде Kcell брендіндегі абоненттерге 2013 жылдың қазанынан бергі ақшалай қаражатты осы іспеттес қайтаруды қолға алды.

"Қайтарым алған абоненттерге осы туралы SMS арқылы мәлім етіледі. Қазіргі уақытта Kcell брендісінің абоненттері болып табылмайтын тұлғаларға да сәйкес жазбаша мәлімдемелер жолданады", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, қаражаттың осы қайтарылуы activ брендіндегі абоненттерге қатысты емес. Өйткені олардың дербес шоттарындағы ақшалай қаражат таусылғанда қосылыс автоматты түрде үзіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!