Астанада елорданың туристік кластерін дамыту мәселелері талқыланды

Фотография - Астанада елорданың туристік кластерін дамыту мәселелері талқыланды

Кездесуге қатысушылар Астанадағы туризмнің дамуы, қаланың туристік тартымдылығының деңгейін арттыру сұрақтарын талқылады.

225 0

Астанада туристік қауымдастықтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге қатысушылар Астанадағы туризмнің дамуы, қаланың туристік тартымдылығының деңгейін арттыру сұрақтарын талқылады. 

Дөңгелек үстелге "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС, "Туризм Индустриясы Одағы" және "Arman-tour" туристік компаниясының өкілдері қатысты. 

Туризм индустриясының одағы - 2015 жылы бизнес ассоциациясының бастамасымен Қазақстанның туристік индустриясын дамыту саласында күш біріктіру мақсатында құрылған ірі туристік бірлестіктер одағы. 

"Recommendedby EXPO-2017" Астана қаласының серіктестігі бағдарламасын дайындау және іске асыру аясында қонақ үйлерге, қоғамдық тамақтану нысандарына және жолаушылар тасымалы қызметтеріне біліктілік талаптарын құру бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.  Бұл ЭКСПО-2017 басталғанға дейін туристік инфрақұрылымның  барынша көп нысандарының дайындығын жеделдетуге жол ашады. 

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар туризм саласы өкілдері үшін ақпараттық турлар ұйымдастыру қажеттігін де атап өтті. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Бюро мен Одақ арасында өзара серіктестік туралы Меморандум жасау туралы келісімге қол қойылды. 

Серіктестік бағдарламасына қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану нысандары және жолаушылар тасымалы қызметтері қатысады. Бағдарламаның негізгі мақсаты ұсынылатын  қызметтердің деңгейін бағалау болып табылады. Оның қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласының субъектілеріне Астана қаласының серіктесі дәрежесі мен "Recommendedby EXPO-2017" белгісі беріледі. 

Бұл бағдарлама Астана қаласының имиджін көтеру мақсатында іске асырылатын қызметтер деңгейін жетілдіріп, сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 


Тегтер:

елорда Астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!