Қазақ тойларындағы YouTube видеохостингі бойынша ең үздік билер (Бейне)

Фотография - Қазақ тойларындағы YouTube видеохостингі бойынша ең үздік билер (Бейне)

Қазақтың тойына келген қонақтардың кейбір әрекеттері көпшіліктің ашық сынына да ұшырап жатыр.

1398 0

Қазақтың тойына келген қонақтардың кейбір әрекеттері көпшіліктің ашық сынына да ұшырап жатыр. Кейде билейміз деп, түрлі қимыл жасағандардың бейнежазбасы соңғы кездері ғаламтор арқылы көптеп тарап кеткен, деп хабарлады nur.kz.

Той ортасында ішімдіктің буымен көпшілікті күлкіге қарық қылып, әжуаға қалатындар аз емес.

“Бүгінгі таңда жастар тойға тек билеп көңіл көтеру үшін барады”, –  дейді актер, асаба Дарын Болатханұлы.

Тіпті соңғы он жылдағы қазақтың той мәдениеті өзгерген.

“Өзінің тойда жүргенін, жан-жақта үлкен адамдардың бар екенін ұмытып кететіндер де болады. Биі бір бөлек, қылығы бір бөлек болып. Былай айтқанда, ерсілеу қылықтар көрсетіп кетеді” , – дейді  асаба Дарын Болатханұлы.

Асаба тойларда қосылатын әндердің де күн санап құбылып бара жатқанын айтады. Қазір жастармен бірге үлкендер де замануи ырғақтағы әуендерге ғана билейді екен.

Әншілердің тойға арнап арнайы ән жазуының сыры осында сияқты. Әніне қарай биі де өзгерген қазақтың тойының бір көрінісі осындай.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!