Алаяқ әйел Ақтөбенің алданған тұрғындарына 4,5 млн. теңге қайтарады

Фотография - Алаяқ әйел Ақтөбенің алданған тұрғындарына 4,5 млн. теңге қайтарады

Ақтөбе қаласының № 2 соты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаныүшін айыпталып отырған Б.Қуатоваға қатысты қылмыстық істі қарады.

205 0

Ақтөбе қаласының № 2 соты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаныүшін айыпталып отырған Б.Қуатоваға қатысты қылмыстық істі қарады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б.Қуатова "Адал" аумақтық қалалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы болған. 2014 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында ол Ақтөбе қаласында пәтерлерді сатып алуда өз көмегін ұсынып, жәбірленушілерден бастапқы және кейінгі жарналар түріндегі ақшалай қаражаттарын алған.

Сот Б.Қуатоваға қатысты оның  аса ірі көлемдегі алаяқтықты талай рет жасағаны үшін кінәлі деп тану жөнінде үкім шығарды. Оған мүлкін тәркілеумен бірге мерзімін жалпы режимдегі түзеу абақтысында өтеуге үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сондай-ақ Б.Қуатовадан жәбірленген төрт азаматтың пайдасына жалпы сомасы 4 547 000 теңгені өндіріп алуға шешім шығарылды. Сондай-ақ одан 45 470 теңге мемлекеттік баж өндіріліп алынды.

Соттың бұл үкімі сотталушының денсаулық жағдайына байланысты залда бола алмауы себебімен соттың көшпелі отырысында жарияланды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!