Алматының Перинаталды орталығында алғаш рет төртем дүниеге келді (сурет)

Фотография - Алматының Перинаталды орталығында алғаш рет төртем дүниеге келді (сурет)

Бақытта отбасы негізінде үшем болады деп күткен

705 0

12 тамызда Алматының Перинаталды орталығының тарихында алғаш рет төртем дүниеге келді, деп хабарлайды  Today.kz

Қанат Ерсеитов және Баян Абдулина үлкені алтыншы сыныпқа баратын үш ұлын тәрбиелеуде, енді олардың артынан тағы бір үл мен үш қыз еретін болды.

"Жүкті болу оңай тиген жоқ, оның үстіне күннің ыстығы бар. 12 апта өткенде түсік қаупі туындады да күйеім екеуміз Қалқаманға бардық. Ол жерде бізде үшем болады деп таңқалдырды. Одан кейін үшем емес төрт бала болады деді. Күйеуім бұл жаңалыққа қуанды, біздің үй үлкен, тату-тәтті өмір кешеміз деп ойлайм. Әкімдік көмегінен бас тартпаймыз, балалар тез өседі. Қазір балалармен сіңілдерім көмектеседі, кейін қараушы жалдаймыз ба, әкімдік медбике жібереме көреміз", – дейді көп балалы ана Баян Абдулина.

Әзірге балаларға ат қойылған жоқ. Бір ұл мен үш қызды Баян күніне екі рет өзі емізеді, ал сүт жетпей жатса жасанды қоспалармен толықтырады.

"Балалар жақсы тамақтанады, үлкені ұл 2300 грам боп туылды, кішісі қыз 1300 грам боп туылды. Әкесі мұндай үлкен отбасын қалай асыраймын деп ойлап қояды. Ол бізде жеке кәсіпкер, бәрі де жақсы болады деп ойлаймын. Біздің отбасымыз қалай тез ұлғайып кетті деп қалжыңдасамыз", -дейді Баян.

Перинаталды орталық директоры Эльмира Жакашева да таңдануда: оның көп жылдық тәжірибесінде мұндай бірінші рет. "Пациенткамыздың жатырында екі плацента болды, бірінде ұл, екіншісінде үш қыз. Бұл бірегей жағдай, өйткені бұл қолдан ұрықтандыру емес, ал бірден төртемге ұрықтану мүмкіндігі өте төмен. Анасына кесерово жасалды, қазір оның жағдайы жақсы".

Сондай-ақ, 12 тамызда Перинаталды орталықтан үшем үйге жіберілді. Толғанай мен Бауыржанның 2 жасар қызы бар. Туылған үш қыздарының атын Інжу, Іңкар мен Ақнұр деп қойды.

Ата-аналарды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова құтықтады.

"Біз бәріміз мұндай жәйтқа қуаныштымыз, билік бұл көп балалы отбасыларға жәрдемдесуге уәде берді. Олар баспанаға кезекке тұрады, сондай-ақ қаласа медбике көмекке жіберіледі", - дейді Аманжолова.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!