Шымкентте дәптер 2 теңгеден сатылып жатыр

Фотография - Шымкентте дәптер 2 теңгеден сатылып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында мектепке дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.

299 0

Оңтүстік Қазақстан облысында мектепке дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.

Ата-аналар облыс орталығы Шымкенттегі көтерме базарлардан мектепке қажетті заттарды жаппай сатып алуда.

Созақ ауданының тұрғыны Нұрила Өтегенованың жеті баласы бар. Ауылда мал бағып, күн көреді. Шымкентте мектепке қажетті заттар аз болғандықтан қаладағы Автонұр базарынан сауда жасап жүр екен.

"Алты балам мектепке барады. Жаңа оқу жылына мектепке қажетті заттарды алу үшін осында келдік. Міне, тек қана кеңсе заттарына 65 мың теңге жұмсадым. Жетпей жатыр", - дейді ол.

Нұрила Өтегенова ұл балаларға қарағанда қыздардың мектепке қажетті заттары қымбатқа түсіп жатқанын айтады. Мысалы, қыздардың сөмкесі 2500-4000 теңге көлемінде болса, ұл балалардікі 2000-3000 теңге шамасында.

"Мектеп формасында да айырмашылық 1000-1500 теңге көлемінде. Аяқ киімдер де қымбаттаған", - дейді ол.

Ал кеңсе тауарларын сатушылардың сөзінше, биылғы баға өткен жылғымен салыстырғанда аса қымбат емес.

"Әрине, көп балалы отбасыларға қиындау. Бір-екі баласы барлар аса қинала қоймайды. Қазір ауыл-аймақтан келіп, мектепке қажетті заттарды сатып алып жатқандар көп", - дейді Алма Оразымбетова.

Айта кететін жайт, көтерме базарлардағы кейбір сауда сөрелерінен дәптерді 2 теңгеден сатып алуға болады.

 

Bnews.kz .

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!