Шымкент әуежайындағы 200-ден астам жолаушы діттеген жеріне бүгін ұша алады

Фотография - Шымкент әуежайындағы 200-ден астам жолаушы діттеген жеріне бүгін ұша алады

Шымкенттен Анталияға жете алмай қалқан SCAT әуе компаниясының 200-ден астам жолаушысы бүгін түнгі сағат 22:30-да діттеген жеріне ұшып кетеді.

230 0

Шымкенттен Анталияға жете алмай қалған SCAT әуе компаниясының 200-ден астам жолаушысы бүгін кешкі сағат 22.30-да діттеген жеріне ұшып кете алады, деп хабарлайды 24.kz.

Бірнеше сағат бойы әуежайдың транзит аймағында қалып қойған жолаушыларды әуе компаниясы ыстық тамақпен және қонақүймен қамтамасыз етті. Бұл деректі SCAT әуе компаниясының ресми өкілі Виктория Ульянованың өзі растады. Еске сала кетейік, бүгін Шымкенттен Анталияға ұшуы тиіс SCAT әуе компаниясының чартерлік рейсі уақытында жолаушыларды қабылдай алмай, 200-ден астам адам транзиттік аймақта қалып қойған еді. Араларында кішкентай балалар да бар.

Виктория Ульянова, SCAT компаниясының ресми өкілі: - Әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде басқару рөліндегі ақауды байқадық. Қазір инженерлік-техникалық топ жұмыс істеп жатыр.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!