Ақмола облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ер адам іздестірілуде

Фотография - Ақмола облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ер адам іздестірілуде

Ақмола облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ер адам іздестірілуде.

230 0

Ақмола облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ер адам іздестірілуде. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Көкшетау қалалық ІІБ 1960 жылғы азаматша хабарласқан. Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, 2015 жылдың сәуірінде 32 жастағы ер адам оның 1,4 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен. Сол күні аталған күдіктінің үстінен тағы осындай екі арыз түскен. Мұнда да 375 000 және 200 000 теңгені қолдықылған.

Кейін белгілі болғандай, күдікті мен зардап шегушілер бұрыннан таныс, облыс орталығындағы колледжде бірге қызмет істеген.

«Бұрынғы әріптесі 55 жастағы әйелге өзінің ағасы банкте қызмет істейтінін айтып, сол арқылы 60 мың АҚШ доллары тұратын тұтқындалған пәтерді бар болғаны 8 мың долларға сатып алуға болатынын айтып сендірген. Оңай әрі арзан баспанаға қарық боламыз деген бұрынғы әріптестерінің алғашқы жарна ретінде 2 миллионға жуық ақшасын қалтасына басқан күдікті қашып кеткен», - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шарасын қолға алып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!