Полицейлер мен "Жасыл ел" белсенділері талдықорғандықтарды тәртіпке шақырды

Фотография - Полицейлер мен "Жасыл ел" белсенділері талдықорғандықтарды тәртіпке шақырды

Талдықорғанда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған көлемді акция өткізді.

177 0

Талдықорғанда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған көлемді акция өткізді.

«Аталған шараның барысында біз қала тұрғындары мен жүргізушілерге құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мақсатымен арнайы дайындалған буклеттер тараттық», - деп баяндады Талдықорған қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Наиль Саликов.

Шараға сондай-ақ, «Жасыл ел» белсенділері қатысты.

«Бүгін біз Талдықорған қаласында тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін тірек пункттерінің мекенжайлары мен телефон нөмірлері көрсетілген арнайы билбордтарды орналастырдық. Бұл кез келген адамға полицияның жақын жердегі тірек пунктін тез табуға көмектеседі, ал бұл, өз кезегінде қылмысты ашу процесін жылдамдатады», - деп қосты Наиль Саликов.

Аталған акцияға сыртқы қызмет полициясының 30-дан астам қызметкері мен құрамына велопатрульдер де кірген «Жасыл елдің» 20-ға жуық белсендісі қатысты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!