Арал ауданында бір күнде үш мектеп ашылды

Фотография - Арал ауданында бір күнде үш мектеп ашылды

Арал ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында үш бірдей білім ордасы іске қосылды. Тоқабай елді мекеніндегі 140 орындық №248 орта мектеп, Қосаман елді мекеніндегі 100 орындық №68 орта мектеп, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі 200 орындық №74 орта мектептер бүгін пайдалануға берілді

331 0

Арал ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында үш бірдей білім ордасы іске қосылды. Тоқабай елді мекеніндегі 140 орындық №248 орта мектеп, Қосаман елді мекеніндегі 100 орындық №68 орта мектеп, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі 200 орындық №74 орта мектептер бүгін пайдалануға берілді. 

Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш білім ордаларының ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев келіп қатысты. Министр халықты мектептің ашылуымен құттықтап, Қырымбек Елеуұлымен бірге білім ордаларының салтанатты тұсаукесер рәсімін жасады. Меймандар мұнан соң мектептегі сынып бөлмелерін, денешынықтыру залын, кітапхана, асхаларын аралады. Білім ошағындағы оқушылармен тілдесіп, жаңа нысанның заманауи талаптарға сай келетінін, енді бұл оқу ордасында тек қана жақсы жетістіктерге жете берулеріне сәттілік тіледі. Мектептегі ұстаздар қауымымен кездесіп, жаңа білім ошағында барлық жағдай жасалғанын, соған сай еңбек ету қажеттігін айтты. 
       Ауылдағы ағайынның көптен күткен жаңа мектептері де ашылды. Енді елді мекендегі балалар жаңа ғимарат қабырғасында білім алады. Бұл қуанышқа куә болған ата-ана да, жас ұрпақ та дән риза. Олар өз кезектерінде елімізді көреген саясатымен алға жетелеп отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа өздерінің ыстық лебіздерін жолдап, білім министрі Аслан Сәрінжіповке, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа алғыстарын білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!