СҚО-да қалайы өндіру зауыты салынады

Фотография - СҚО-да қалайы өндіру зауыты салынады

260 0

2018 жылы СҚО Айыртау ауданында металдық қалайы өндіру бойынша "Сырымбет" тау-кен байыту кешені іске қосылады. Жоба индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылған.

Мұнда 6 мың тоннаға дейін қалайы өнімін өндіру көзделген. Жоба құны 10 млрд теңге, 500-ден астам жұмыс орны құрылады.

Бұл туралы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінде айтылды.

"Өндірісті дамыту жоспарына сәйкес штат 500 адамнан асады. "Сырымбет" компаниясына жұмысқа алуда маңайдағы аудан тұрғындарына басымдық беріледі.  Қазір кәсіпорында 36 адам жұмыс істейді. Тау-металлургиялық кешенді 2018 жылы іске қосу көзделген", - деді СҚО инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жүсіпова.

"Бұл аймақтағы ірі жобалардың бірі. Құны 10 млрд теңге. 2018 жылы оны іске қосуымыз керек", - деді аймақ басшысы. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!