"Мектепке жол" акциясының он күнінде 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

Фотография - "Мектепке жол" акциясының он күнінде 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

"Мектепке жол" акциясының он күнінде 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

261 0

"Мектепке жол" акциясының он күнінде 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

"2015 жылғы 1 тамыздан бастап жалпы еліміз бойынша "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды. Он күннің мониторингіне тоқталсақ, 16 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 122 млн. теңгені құрайтын көмек көрсетілді. Бұл акциядағы басты мақсат - аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмек көрсетіп, мектепке даярлау. Осындай шаралардың аясында мектепке бара алмай жүрген оқушыларлың санын барынша азайтуға мүмкіндік жасалуда", - деді Е. Иманғалиев.

Бұдан бөлек, ол балаларды сауықтыру шараларына тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік бюджет есебінен биыл мектеп жасындағы балаларды сауықтыру шараларына 3 млрд. 115 млн. теңге тартылды.

"Бүгінде балаларға арналған 11 092 сауықтыру лагерлері мен алаңқайлар жұмыс істеп жүр. Бұл тұрғыда 1-10 сыныпта оқитын балалар саны 2,5 млн. болса, олардың 60,1 пайызы осындай шаралармен қатылған. Республикада 300-ден астам еңбекпен баулу және демалыс лагерьлері, 2 мыңнан астам еңбек жасақтары бар. Сол жерлерде пікірсайыс лагерьлері жасақталған. 10 мың үйірмелер мен клубтар бар", - деді министрдің орынбасары.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!