Алматы қаласының әкімі Наурызбай ауданын аралап, тұрғындармен кездесті

Фотография - Алматы қаласының әкімі Наурызбай ауданын аралап, тұрғындармен кездесті

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сел тасқынынан зардап шеккен Наурызбай ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

373 0

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сел тасқынынан зардап шеккен Наурызбай ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Сонымен қатар әкім Қарағайлы өзеніндегі су бөгетінде болды және сел тасқынынан зардап шеккен №187 және №192 орта мектептерді аралады. Кездесу барысында сел салдарын жоюға байланысты бірінші кезекте атқарылар міндеттерді атап көрсетті.

"Қазіргі таңда ең басты міндет - аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету. Ауданда қазір электр жарығы және газ бар. Жолдар жөнделді. Енді тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету қалды. Қазір Қарағайлы өзенінің арнасын нығайту мәселесі шешіліп жатыр. Ол бойынша бірнеше ұсыныс бар. Олардың бірі - бетонмен нығайту немесе ішіне тас толтырылған қап секілді темір тормен нығайту. Қайсысының тиімді екендігін сарапшылар мұқият тексеру жұмыстарын жүргізіп болған соң мәлімдейді", - деді Б.Байбек.

Әкім сонымен қатар сел тасқынына дейін болған барлық үй-жайларды қалпына келтіру мүмкін еместігін, бірақ соған қарамастан мемлекет тарапынан қалпына келтіру бойынша қолдан келгеннің барлығы жасалып жатқандығын жеткізді.

Бұдан басқа, Бауыржан Байбек Елбасының сел салдарын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жоюды тапсырғандығын, сол үшін барлық тиісті шаралар қолданылып жатқандығын айтты.

Өз кезегінде аудан тұрғындары жеткілікті мөлшерде көмек көрсетіліп жатқандарына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ осындай қиын-қыстау уақытта қол ұшын созған құтқарушыларға, әскерилерге, еріктілерге алғыстарын жаудырды.

Еске салайық, сел тасқыны 23 шілдеде орын алған болатын. Одан Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарының елді мекендері зардап шекті. Сел салдарын жоюға мемлекет тарапынан 2 млрд. теңге бөлінді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!