Алматы əкімінің орынбасары Ербол Шорманов өз қызметінен кетті

Фотография - Алматы əкімінің орынбасары Ербол Шорманов өз қызметінен кетті

Ербол Шорманов Алматы əкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл ақпаратты қала əкімдігі баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек растады.

557 0

Ербол Шорманов Алматы əкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл ақпаратты қала əкімдігі баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек растады.

"Əзірге аталған лауазымға кім келері белгісіз. Əкімнің орынбасары болып 6 жыл жұмыс жасаған Ербол Шорманов қандай лауазымға тағайындалатынынан біз хабарсызбыз",- деді Г.Омарбек.

Е. Шорманов 1968 жылдың 20 тамызында дүниеге келген. Қызмет жолын 1991 жылы "Алматы" кедендік бекетінде инспектор қызметінен бастаған.

Содан əр жылдары Жамбыл, БҚО, СҚО, Алматы облыстық кедендік бекеттерінде басқарушы құрылымда еңбек еткен.

2008  жылдан бастап Алматы əкімдігі аппаратының жетекшісі лауазымында қызмет етті.

2009  жылдан бастап осы күнге дейін Алматы əкімінің орынбасары болып келді.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!