Алматыда көлік апатынан зардап шеккен 1 жастағы сәби есін жиды

Фотография - Алматыда көлік апатынан зардап шеккен 1 жастағы сәби есін жиды

Алматыда су таситын көліктің аударылуынан зардап шеккен бүлдіршін есін жиды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

346 0

Алматыда су таситын көліктің аударылуынан зардап шеккен бүлдіршін есін жиды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бала комадан шықты. 17 тамызда тыныс алу аппаратынан шығарылды. Қазір нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Баланың жағдайы әлі де ауыр саналады", - деді баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Алматыда Каменка шағын ауданындағы Гроза көшесінде ЗИЛ маркалі  су таситын көлік аударылды. Апат салдарынан 1 əйел жан сақтау шараларын жасау кезінде оқиға орнында қаза болса, екіншісі жедел жəрдем каретасында клиникалық өлім күйіне енген. Жапа шеккендердің арасында 1 жасар бала да болған. Бас миы шайқалған бүлдіршін бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты.

Жалпы апаттан 9 адам жапа шекті. 8 адам медициналық жəрдемге жүгінді.

Олардың 4-і қалалық ауруханаларға жатқызылды, үшеуі үйіне қайтарылды. Біреуі облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнында Наурызбай аудандық ІІБ өкілдері жұмыс жасап жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!