Демалыс күндері елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Демалыс күндері елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді

22 және 23 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары қалалық әкімдік ғимаратының алдында ұйымдастырылатын мектеп жәрмеңкесіне қатыса алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

233 0

22 және 23 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары қалалық әкімдік ғимаратының алдында ұйымдастырылатын мектеп жәрмеңкесіне қатыса алады.  Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алаңда жиырма сауда шатыры орнатылып, Астана, Көкшетау, Қарағанды, Алматы мен Шымкенттік кәсіпкерлер оқулықтар, кеңсетауарлары, мектеп формасы, спорттық киімдер мен аяқ киімдердің үлкен таңдауын ұсынады.

Бұданбөлек, барлық қатысушылар үшін концерттік бағдарлама мен балаларға арналған ойын алаңы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, барлық қатысам деушілер үшін заң және мектеп мәселелерін шешу бойынша қоғамдық қабылдау жасалады.

Мектеп жәрмеңкесі Астанада сегізінші жыл өтіпжатқан жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясының аясында өтеді. Осы уақыт аралығында 31 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 276 млн 835 мың теңгеге материалдық көмек көрсетті. Демеушілер мен меценаттардың есебінен 97 млн 731 мыңтеңгенің көмегі жасалды. «Мектепке жол» елордалық акциясы Астанада 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өтеді 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!