Айдын Айымбетов ғарышқа Қазақстан әуе күштерінің туын алып барады

Фотография - Айдын Айымбетов ғарышқа Қазақстан әуе күштерінің туын алып барады

Ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов қыркүйек айына жоспарланған ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның әскери әуе күштерінің туын ала барады.

324 0

 Ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов қыркүйек айына жоспарланған ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның әскери әуе күштерінің туын ала барады. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі әуе күштерінің туын ғарышкерге табыстаған. Бұл туралы "Қазақстан" Ұлттық арнасы хабарлады.

"Қазіргі уақытта Айдын Айымбетов өзге де экипаж мүшелерімен ұшуға жаттығып жатыр. Жаттығулардың екінші кезеңі Байқоңыр ғарыш айлағында жалғасады деп күтілуде. Ол ғарышқа аттануға тас-түйін дайын. Бірер күн бұрын халық арасында "Жұлдызды қалашық" аталып кеткен Мәскеу әргесіндегі Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында МКС -45,46 экспедисясының дайындығына арналған жиын өтті. Экипаж құрамына қазақстандық ғарышкер, Айдын Айымбетовтен бөлек, ресейлік Сергей Волков, еуропа ғарыш агенттігінің өкілі, дат ғарышкері Андреас Могенсон бар. Айта кету керек, әр ғарышкердің халықаралық станцияда атқаратын қызметтері мен рөлі нақты айқындалған. Қазақстандық ғарышкер Халықаралық станцияда ол бірқатар ғылыми сынақтар жүргізеді", - делінген хабарда.
Сондай-ақ, ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов тілшімен кездесу барысында отандастарына сәлем жолдаған.
"Қазақстандықтарға барша жақсылықты тілеймін. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз адал болсын деп тілеймін. Отанға әрқашан аянбай қызмет етіп, ерінбей тер төгіп, үлкен жетістіктерге жете берейік", - деген ол.
43 жасар ғарышкер-сынақшы, полковник Айдын Айымбетов 2003-2009 жылдар аралығында "Жұлдызды қалашықта", яғни ғарышкерлерді даярлау орталығында білім жинақтаған. Қазақстан мен Ресей президенттерінің пәрменімен қысқа уақыт аралығында білімін қайта пысықтап, ғарышқа аттанбақ.
"Екі ел ведомствалары арасында қазақстандық ғарышкерді ұшыру туралы келіссөздер біраздан бері жүруде. Ғарышқа ұшуыма үлкен себепкер болған президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен алғысымды айтамын. Ресей президенті Владимир Путинге де алғыс білдіремін. Екі ел президенттерінің уағдаластықтарының нәтижесінде қысқа уақыт ішінде қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшу мүмкіндігі пайда болды", - деді А.Айымбетов.
Айта өтейік, экипаж құрамы 18 тамыздан бастап дайындықтарын Байқоңыр ғарыш айлағында жалғастырады. Ал ғарыш кемесінің ұшуы 2 қыркүйекке жоспарланған. Қазақстандық ғарышкер Айдан Айымбетовтың сапары он күнге жалғасады. Барлығы ойдағыдай өтсе, ғарышкер 12 қыркүйек күні Жерге табан тірейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!