"Адем" саудагерлері Алматы әкіміне ашық хат жазды

Фотография - "Адем" саудагерлері Алматы әкіміне ашық хат жазды

"Адем" сауда үйінің мүлкі өртенген кәсіпкерлері Алматының жаңа әкімі Бауыржан Байбекке ашық хат жазды. Олар әкімнен қаладағы барлық базарлар мен сауда орындарында өртке қарсы техникалық аудит жүргізуге пәрмен беруін сұрады

276 0

"Адем" сауда үйінің мүлкі өртенген кәсіпкерлері Алматының жаңа әкімі Бауыржан Байбекке ашық хат жазды. Олар әкімнен қаладағы барлық базарлар мен сауда орындарында өртке қарсы техникалық аудит жүргізуге пәрмен беруін сұрады. 

"Қала әкімі Бауыржан Байбекке өрттен жапа шеккен кәсіпкерлердің мәселесіне баса назар аударуын сұраймыз. Бұл мәселе Бас прокуратураның қатаң бақылауында жатыр. Жаңа әкімнен қаладағы барлық сауда орындары мен базарлардың ғимараттарында өртке қарсы аудит жариялауын өтінеміз. Біздің басымыздағы жайттан барлық әлем хабардар. Тауар жеткізушілеріміз сіздерде сауда орындарының өртенуі қашанға дейін жалғасады деп сұрайды. Бауыржан Байбектен Алматының өрттен аман қала атануына көмектесуін өтінеміз", - деді кәсіпкер Раушан Байжанова. 

Айта кету керек, көктемде болған өрттен соң "Адемнің" 2 мыңға жуық кәсіпкері үш топқа бөлініп кетті. Олардың бірі құқық қорғаушы Михаил Уткиннің артынан ерсе, екіншісі меншік иесі "Алматы 21 век" иесі Ербол Тымбаевтың сойылын соғып жүр. Үшінші топ нағыз айыптыны тауып, заң жүзінде өтемақы талап етіп жүр. 

Айта кетейік, Алматыдағы "Адем-1" ірі сауда орнында 26 сәуірде түнгі он бір шамасында өрт шыққан болатын. Қызыл жалын 25 мың шаршы метрді шарпыды. Төтенше жағдай салдарынан 2 мың кәсіпкердің 3 мыңға жуық дүңгіршегі өртеніп кетті. Қазір аталған дерек бойынша қалалық ІІД қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүріп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат. Тергеу жұмыстары басталғалы бері "Адем" сауда үйіндегі өртке байланысты 640 адам полицияға шағымданған. Сақтандыру компаниясының өкілдері өрттен келген шығын 5,3 млрд теңге болуы ықтимал деп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!