2333

Екі жылда Алматы облысында 34 мектеп бой көтереді

Биыл 41 нысанның құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарына 17 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Фотография - Екі жылда Алматы облысында 34 мектеп бой көтереді

Өңірде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басты әрі басым бағыттарының бірі білім саласын дамыту болып табылады. Биыл 41 нысанның құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарына 17 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Жоғарыда айтылған 41 нысанның 32-і биыл ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Олардың арасында мектептер, балабақшалар, жатақхана, лагерь, қазандықтар бар», - деп атап өтті облыстың білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова.

Бұған қоса, жекелеген апатты ғимараттардың орнына 840 орынға шақталған 5 жалпы білім беретін мектеп салынуда. Аталған білім ошақтары оқу жылының басында ашылады. Келесі жылы Ұлттық қор қаражатына Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында апатты мектептің орнына 600 орындық білім ордасын салу жоспарланып отыр.

«Жалпы алғанда алдағы екі жылда тағы 34 мектеп тұрғызу жоспарда бар», - деп толықтырды бейінді ведомстводан.

 

BNews.kz

 

Загрузка...