Алматы күніне 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Фотография - Алматы күніне 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Биыл қала күні жоғарғы деңгейде аталып өтеді. Алматылықтар мен шаһар қонақтарының құрметіне орай 50 ауқымды шара ұйымдастыру көзделіп отыр.

360 0

Биыл қала күні жоғарғы деңгейде аталып өтеді. Алматылықтар мен шаһар қонақтарының құрметіне орай 50 ауқымды шара ұйымдастыру көзделіп отыр.

 Қала күнін тойлау осы айдың 25-інен бастау алып, биылғы мереке жылдан ерекше өтпек. Оркестрлер шеруі шымылдығын түргеннен кейін, ізін суытпай "Арбат фест" өнер фестивалі шараны жалғастырады. Ал, халыққа қызық болар тұсына келсек, биыл алғаш рет «Қарбыз» науқаны ұйымдастырылмақ. Яғни, онда қала тұрғындары қарбыздан жасалған ерекше мүсіндерді тамашалап, тегін дәм татады.

«Биылғы жылы мерекенің ауқымы кеңейді. Негізгі шаралар Тұңғыш Президент саябағында болады. Қала күні әдеттегідей қыркүйектің 3-ші жексенбісі тойланады. Биыл 20-шы қыркүйекке түсіп отыр. Бұл күні саябақтың барлық аумағында үлкен мерекелік шаралар өтеді. Әртүрлі жастағы адамдар үшін 14 арнайы аймақ жұмыс жасайды.Келушілер өз қалауы бойынша қызыққан шараларға қатыса алады»,- деді Алматы қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мархан АХМЕТОВ.

Бұдан бөлек, Орталық демалыс саябағы мен Сайран көлінің маңы да қарашаға толатын болады. Былтыр қала күні шеңберінде бас-аяғы 500-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылған болса, биыл оның санын 1000-ға жеткізу көзделіпті. Осы орайда, шаһарымыздың 8 ауданы толықтай ат салысады. Сондай-ақ барлық метро стансасында қыркүйектің 7-15 аралығында оркестрлердің концерті өтпек. Шара аясында белсенділік танытқан тұрғындар жүлдесіз қалмайды. Алтыншы рет өтетін дәстүрлі «Алматым жүрегімде» ән байқауы шеңберінде ұтысқа көлік тігілсе, үздік арт-нысандар анықталатын «I love Almaty» қалалық байқауының жеңімпазы 1 млн теңгені қанжығалайды.

«Биылғы қала күнінде алғаш ұйымдастырылып отырған тағы бір шара - айтыс. Республикалық ақындар айтысы. Биылғы жылғы тақырып - «Алматымды жырлаймын», яғни Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр. Айтыс Республика сарайында 20-21 қыркүйек күндері өтеді. Қазіргі таңда республика бойынша 16 ақын қатысуға ниет білдірді»,- деді Алматы қ. Мәдениет басқармасының мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Айнұр БӘЖЕНОВА.

Тағы бір ерекшелік, биыл «Еуразия» халықаралық кинофестивалі мен «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі бірге өткізілмек. Шара қыркүйектің 19-25 аралына жоспарланған. Қала күнін тойлау кезеңінде шаһар тұрғындары түрлі концерт пен фестивальдерге, театр қойылымдарына, жәрмеңке мен мен ашық аспан астындағы тегін кино көрсетілімдеріне баруға мүмкіндік алады.

 

almaty.tv


Тегтер:

Алматы күні

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!