Алматы облысында пара алған сот орындаушысына 2,5 млн. теңге айыппұл салынды

Фотография - Алматы облысында пара алған сот орындаушысына 2,5 млн. теңге айыппұл салынды

Алматы облысында пара алған сот орындаушыға 2,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

338 0

 Алматы облысында пара алған сот орындаушыға 2,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Қарасай аудандық сотында мемлекеттік сот орындаушы Г.Майлыбековке қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотпен анықталғандай, Г.Майлыбеков мемлекеттік қызметті жүзеге асырушы тұлға бола тұра, азаматша Г-дан мүлігіне салынған тыйымды жеделдетілген түрде алып тастау үшін 50 000 теңге мөлшерінде пара алған", - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

2015 жылғы 17 тамыздағы сот үкіміне сәйкес, Г.Майлыбеков ҚР ҚК-нің 366 бабының 1 бөлігімен (пара алу) кінәлі деп танылып, оған мүлкінің тәркіленуімен қатар 2 500 000 теңге айыппұл және жергілікті билік органдарында мемлекеттік қызметте белгілі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!