Қостанай тұрғыны көңілдесінен ақша алып, сол ақшаға оны өлтірмек болған

Фотография - Қостанай тұрғыны көңілдесінен ақша алып, сол ақшаға оны өлтірмек болған

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Галина Громова ұлынан айырылып қалудан қорқып, әрі байлыққа кенелу мақсатында өз көңілдесін өлтіруге бел буады.

146 0

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Галина Громова ұлынан айырылып қалудан қорқып, әрі байлыққа кенелу мақсатында өз көңілдесін өлтіруге бел буады.
Бұл туралы "Времяға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Бір қызығы, Галина көңілдесінен ақша алып, сол ақшаны оны өлтіретін жендетке төлепті.

Галина Сергей Волковпен 7 жыл бұрын танысқан. Екеуі де бастары бос болмағандықтан, жасырын қарым-қатынасқа түседі. Галина азаматтық күйеуін тастап, Волковтан да сондай қадам күтеді.

Алайда Волков өз әйелін тастауға келіспейді. Громова көп ұзамай көңілдесінен ұлды болады. Ер кісі оны Руслан деп атап, ұлына әке болудан бас тартпайды.

Сергейдің әйелі бар жайтты біліп қойып, екеуінің бірін ғана таңдау шартын қояды. Ер кісі алғашқы әйелімен қалуды жөн көрген.

Бұл шешім Громованы ашуландырып, ақыры әйел ішімдікке салынады. Көп ұзамай Сергей ішімдіктен көз ашпайтын әйелден ұлын тартып алады.

Соттың Волковты қолдайтынын түсінген Галина оны өлтіргуе бел буады.
Ер кісі Русланды өз қамқорлығына алу үшін сотқа жүгінеді. Соттың Волковты қолдайтынын түсінген Галина оны өлтіргуе бел буады.

Оның қазасынан кейін ұлы жарты мүлкіне таласуға құқылы болатыны әйелді бұл қадамға одан бетер итермелеген. Осыдан соң, Громова аяқ астынан Сергейге баласын беруге келісімін береді.

Біртіндеп жендет іздестіруге кіріскен Галина бөтелкелес досы Евгений Шершавинге бұл ойын жайып салады.

Одан жендет табуын өтінеді. Ал ер кісі болса, бұл жайтты танысына айтып, Волковпен байланысқа шығуын сұрайды.

Сергей өзінің көңілдесі не ойластырып жүргенін біліп қойған.
Сергей, осылайша өзінің көңілдесі не ойластырып жүргенін біліп қояды. Волковтан ұлын бергені үшін 1000 доллар талап еткен әйел, сол ақшаға жендет жалдамақ болады. Сол аралықта әйелдің әр қадамын полицейлер жасырын бақылауға алған.

Шершавин Галинаны жалған жендетпен таныстырып, Громова оған жарты ақшасын төлейді.

Сол түні Волковтың жалған өлімі жария етіліп, суреттері Громоваға көрсетіледі. Ақшаның қалғанын беріп жатқан әйелді сол жерде полицейлер қамауға алады.

Басында әйел полицейлерге қарсылық танытқанымен, кейін осылайша Волковты қорқытқысы келгенін айтып ақталады.

Іс сотта қаралып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!