ШҚО-да 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ

Фотография - ШҚО-да 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында өткен "Қазақмыс" ЖШС Ақтоғай кен-байыту комбинатының еңбек жәрмеңкесіне 231 адам қатысып, оның ішінен 196 адам (84,8%) сұхбат жүргізуден оң нәтиже алған, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

221 0

Жәрмеңке барысында әсіресе құжаттама маманы; геодезист; электр дәнекерлеуші; жалпы құрылыс жұмыстарының инженері; дәнекерлеуші; электрик; кран машинисті; аспалы кран машинисті және т.б. мамандықтарға сұраныс түскен.

Жәрмеңкенің басты мақсаты жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту болып табылады.

Алдағы уақытта осындай ауқымды көлемдегі еңбек жәрмеңкелерін ай сайын өткізу жоспарлануда.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!