Мемлекет аумағындағы өрт ғарыштық мониторинг арқылы бақыланады

Фотография - Мемлекет аумағындағы өрт ғарыштық мониторинг арқылы бақыланады

2015 жылы ғарыштық мониторинг мемлекет аумағында сәуір айынан бастап жүргізіліп келеді.

217 0

2015 жылы ғарыштық мониторинг мемлекет аумағында сәуір айынан бастап жүргізіліп келеді. Табылған өрт ошақтары туралы, олардың жақын жерде орналасқан елді мекені координаттары, оған және азимутына дейінгі қашықтықты көрсетілген ақпарат "Қазавиаорманкүзеті" РМҚК республикалық диспетчерлік қызметіне және облыстық ТЖ органдарына ұсынылады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК "орман және дала алабындағы өрт қауіпсіздігі" тақырыбында өткен брифинг барысында ресми өкіл Руслан Иманқұлов мәлім етті.

 "2007 жылдан бері жыл сайын республикада өрттерді ғарыштан мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілетіні сіздерге белгілі. 2015 жылы осы мониторинг сәуір айынан бастап жүргізіліп келеді. Табылған өрт ошақтары туралы, олардың жақын жерде орналасқан елді мекені координаттары, оған және азимутына дейінгі қашықтықты көрсетілген ақпарат "Қазавиаорманкүзеті" РМҚК республикалық диспетчерлік қызметіне және облыстық ТЖ органдарына ұсынылады. Өрт ошағы табылған жағдайда оны жою бойынша тиісті шаралар қабылданады. Өрт қауіпті кезең басталар алдында орман қорына іргелес жатқан және орман алаптарының аумақтарында орналасқан объектілерге өрт-техникалық тексеру жүргізіледі, сондай-ақ орман иеленушілердің өрт қауіпті маусымға әзірлігі тексеріледі" деп түсіндірді Р. Иманқұлов өз сөзінде.

Жалпы табиғи өрттермен күресу үшін республикадағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының иелігінде 1550 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, оның ішінде сыйымдылығы 5-тен аса текше метр 390 бірлік өрт сөндіру автоцистернасы, құрамы секундына 110-нан 200 литрге жететін сорғы өнімділігі 44 бірлік өрт-сорғы стансасы, 54 бірлік жең және сорғы-жең автомобилі, сыйымдылығы 30 текше метр екі өрт сөндіру автопоезды бар.


Тегтер:

өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!