Бір тәулікте 170 шекара бұзушы ұсталды - ҚР ҰҚК ШҚ

Фотография - Бір тәулікте 170 шекара бұзушы ұсталды - ҚР ҰҚК ШҚ

Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары өткен тәулік ішінде 170 шекара бұзушыны анықтап, 1 контрабандалық жүкті ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

174 0

Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары өткен тәулік ішінде 170 шекара бұзушыны анықтап, 1 контрабандалық жүкті ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен. 
Атап айтқанда, отрядтың бақылау-өткізу бекеттерінде көші-қон заңдылығын бұзған 101 Өзбекстан азаматы ұсталды (ҚР болу тәртібін бұзғандар). Барлық заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Отряд учкаскесінде жүргізілген арнайы рейдтік іс-шаралар кезінде ҚР көші-қөн заңдылығын бұзған Өзбекстан Республикасының 65 азаматы ұсталды. Ұсталғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Қазығұрт» шекара заставасының аумағында қызметтік иттің көмегімен 4 бірдей Өзбекстан азаматы ұсталды, олар біздің елімізден Өзбекстанға жаяу-жалпылап кетпек болған. Мемлекеттік режімді бұзған 4 азамат ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 514-бабының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!