Ақмола облысына жылына 1 млн турист келеді

Фотография - Ақмола облысына жылына 1 млн турист келеді

Ақмола облысында 300-ге жуық туристерді қабылдау жəне қызмет көрсету, 400-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жəне 68 лицензиясы бар туристік фирмалар жұмыс істейді.

397 0

 Ақмола облысына жылына 1 млн турист келеді. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Ақмола облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Шынарбек Бүркітбаев айтты.

Ақмола облысында 300-ге жуық туристерді қабылдау жəне қызмет көрсету, 400-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жəне 68 лицензиясы бар туристік фирмалар жұмыс істейді. Жалпы жыл сайын Ақмола облысына келуші туристердің саны артуда. Тек жаз айларында 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында бізге 500 мыңнан астам турист келеді. Ал жылына олардың саны 1 миллионға жетеді. Оған негізінен Бурабай демалыс аймағын орны себепші. Елбасының өзі де бұл аймақтың дамуына үлкен мəн беріп отыр. 2008 жылы Н.Назарбаевтың Бурабай арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі Жарлығына сəйкес біз бірегей нысандарды жүзеге асыра алатын алаң пайда болды. Биыл аталған аймақты дамытуға 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның барлығы туристердің келіп-келуіне, демалыстарын ыңғайлы, қауіпсіз өткізулеріне бағытталуда, - деді Ш.Бүркітбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!