Астанада 5 жаңа экспресс-маршрут жолға шығады

Фотография - Астанада 5 жаңа экспресс-маршрут жолға шығады

Астанада биылғы жылдың 29 тамызынан бастап 100, 101, 102, 103, 104 нөмірлі 5 экспресс-маршрут іске қосылады.

175 0

Астанада биылғы жылдың 29 тамызынан бастап 100, 101, 102, 103, 104 нөмірлі 5 экспресс-маршрут іске қосылады. Жолақы құны 150 теңгені құрайды. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Бейбіт Есжанов мәлім етті.
"Экспресс" тобына жататын автобустар кәдімгі қоғамдық көліктерден ашық дизайнымен ерекшеленбек. Жаңа маршруттардың жолға шыққанынан халықты хабардар ету үшін елорда аялдамаларына арнайы ақпараттық белгі орнатылады деп күтілуде. 

Бүгінде тұрғындарға қызмет көрсетіп жүрген №52 мен 54 маршруттары уақыт өте қала маңында қатынайтын бағдарларға ауыстырылмақ. 

Жаңа экспресс-маршруттарда жолақы құны 150 теңгені құрайды. Б.Есжанов жеңілдікке ие азаматтар жаңа көлікте тегін жүре алатынын, мектеп оқушылары үшін де жеңілдік қарастырылғанын атап өтті. 
 


Тегтер:

Астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!