2020 жылға дейін Ақмола облысы балаларды балабақшамен 100% қамтиды

Фотография - 2020 жылға дейін Ақмола облысы балаларды балабақшамен 100% қамтиды

2020 жылға дейін Ақмола облысы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі орталықтармен 100% қамтиды. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты.

223 0

- Республикамызда жүзеге асырылып жатқан «Балапан» бағдарламасы бойынша облысымызда жыл басынан бері 670 орындық 7 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жалпы облыста 550 мектепке дейінгі балаларды тəрбиелеу ұйымдары жұмыс істейді. Ол 183 балабақша, 363 шағын орталықтар. Бұл ұйымдар жалпы 1-6 жасқа дейінгі балаларды 58,8%-ға, 3-6 жасқа дейінгі балаларды 90% қамтып отыр. Біз 2020 жылға дейін 13 мыңдық 170 жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымын құруды жоспарлаудамыз. Ол облысымыздың мектепке дейінгі 3-6 жас аралығындағы балаларын 100% балабақшалармен қамтиды, - деді Нұрлан Жаңбыршыұлы.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!