СҚО әкімі облыстың үздік педагогтарын марапаттады

Фотография - СҚО әкімі облыстың үздік педагогтарын марапаттады

Петропавлда СҚО білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Шараға өңір басшысы Е. Сұлтанов қатысты.

240 0

Петропавлда СҚО білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Шараға өңір басшысы Е. Сұлтанов қатысты. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Мәжілісте шара қатысушылары жаңа білім беру бағдарламасын талқылап, өткен оқу жылының қорытындысын шығарды, 2015-2016 оқу жылына міндеттерді белгіледі", - делінген хабарламада.

Мәжіліс қатысушыларына өңір әкімі Е. Сұлтанов Мемлекет басшысы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында заманауи жағдайларда елдің одан әрі дамуының басым бағыттарын белгілегенін атап өтті.

"Өңірде балаларға сапалы мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету  шаралары қабылдануда. Осы көрсеткіш бойынша біз басқа облыстар арасында төртінші орындамыз", - деп атап өтті ол.

Облыс әкімі мектепке дейінгі білім беру проблемаларына баса ден қойды.

"3-6 жас аралығындағы балалар кезегінде 4236 адам бар. Мәселені шешу үшін биыл 1148 жаңа орын енгізіледі, оның 855-і Петропавлда ашылады. Ұлттық қор қаражаты есебінен 320 орындық балабақша салынуда. Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында балабақшалар салынуда. Қазірде 800 орындық 3 жеке балабақша салынып жатыр.  Мектепке дейінгі мекемені жаңғырту, кеңейту есебінен 177 жеке ұйым ашу көзделуде. Тұтастай, 2016 жылы 98 пайыз балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту міндетін алға қойып отырмыз.

Ерік Сұлтанов білім беру жүйесіне бәсекеге қабілетті жас кадрларды тарту, ұстаздарды деңгейлік дайындау, апатты мектептер мен үш ауысымдық оқыту жүйесін жою, 12 жылдық білім беруді енгізуге дайындау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

"Тұтастай, заманауи материалдық-техникалық базамен, жоғары кәсіби мамандармен, кәсіпорындармен тиімді өзара іс-қимыл реттеген тәлімгерлердің арқасында бүгінде бізде мамандарға сұранысты толықтай жабуға барлық жағдай бар деп сенімді түрде айтуға болады", - деп сөзін түйіндеді өңір басшысы.

Сондай-ақ, мәжілісте марапаттау рәсімі өтті. СҚО білім беру саласын дамытуға үлес қосқандарға Е. Сұлтанов "ҚХА 20 жылдығы" медалі, құрмет грамоталары, алғыс хаттар, "ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері", "Ы. Алтынсарин" төс белгілері мен облыс әкімінің сыйлықтарын табыстады.

Биыл орта білім берудің  үздік ұйымы атағын дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты алғанын атап өткен жөн. Оқу орнына облыс бюджетінен 16 млн теңге грант бөлінді.
2 

3 

4 

5 

 


Тегтер:

СҚО әкім үздік

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!