Алматы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі кім болатыны белгілі болды

Фотография - Алматы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі кім болатыны белгілі болды

Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып Артур Нығметов тағайындалады.

242 0

Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып Артур Нығметов тағайындалады.

Әзірге Артур Нығметовті ресми түрде таныстырған жоқ. Бірақ, бүгін Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің қызметкерлерімен және жұмыс барысымен танысады деп жоспарланған. 

Айта кетелік, Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттің университетінің тарих факультетін бітірген. Одан кейін Мәскеу Саяси зерттеулер мектебін тамамдаған. Швецияның мемлекеттік және муниципалдық "SIPU International" басқармасында тағлымдамадан өткен. 2008-2012 жылдар аралығында бірқатар қазақстандық және шет елдік бұқаралық ақпарат құралдарында журналист және редактор болып істеген. Британия соғыс және бейбітшілікті баяндау институты басылымында жарық көрген көптеген мақалалардың авторы. 2014 жылдан бері "Smart Advice" коммуникациялық тобында басқарушы серіктес болып қызмет атқарған.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!