Алматы марафонынан жиналған қаржыға спорт кешені салынды

Фотография - Алматы марафонынан жиналған қаржыға спорт кешені салынды

Алматыда IV Алматы марафонынан жиналған қаржыға сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №9 мектеп-интернатына заманауи спорт кешені салынды.

211 0

Алматыда IV Алматы марафонынан жиналған қаржыға сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №9 мектеп-интернатына заманауи спорт кешені салынды. 

Бұл туралы бүгін Алматы марафонын ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алматы марафоны - бұл тек  бұқаралық спорт шарасы ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық шарасы. 2015 жылы біз сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №9-шы мектеп-интернатына көмектесуді ұйғардық. Онда заманауи спорт кешені салынды. Жаңа оқу жылында сөйлеу қабілеті өте нашар балалар белсенді ойындар ойнап, спортпен шұғылдана отырып, толыққанды дами алатын болады", -деді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Өз кезегінде мектеп-интернаттың директоры Ирина Злоказова IV Алматы марафонына шексіз риза екендігін білдірді.

"№9 мектеп-интернатының педагогикалық және балалар ұжымы Алматы марафонының қайырымдылық көмегіне шексіз алғысын білдіреді. Біздің балалар жаңа спорт алаңшасына өте мұқтаж еді. Алматы марафонына көрсеткен көмегі үшін, сонымен қатар жарна төлеп осы тамаша спорт кешенінің құрылысына үлес қосқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз", - деді ол.  

Спорт кешенінің құрылысы биыл маусым айында басталып, тамызда аяқталып отыр. Онда балалар футбол, баскетбол және волейбол ойнай алады. Сонымен қатар алаңша жанына белтемірлер, қырлы бөренелер және басқа да спорт құралдары орнатылған.

Ертең жаңа нысанның ашылу рәсімі өтеді. 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!