Астана әкімі "Шапағат" базарында тәртіп орнатуды тапсырды

Фотография - Астана әкімі "Шапағат" базарында тәртіп орнатуды тапсырды

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиыны барысында елордадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды қамтамасыз ету мәселелері талқаланды.

364 0

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиыны барысында елордадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды қамтамасыз ету мәселелері талқаланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Өткен аптада Қазақстан валюта дәлізін алып тастау арқылы теңге бағамын еркін жіберіп, жаңа қаржылық саясатты жүзеге асыруға кіріскен болатын. Осыған орай, елордада негізгі азық-түлік өнімдері бағаларының қымбаттамауын қадағалайтын арнайы жедел штаб құрылды. 
Әкімнің айтуынша, тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жүргізіп, бағаларды жөн-жосықсыз көтеретін кәсіпкерлердің алыпсатарлық істерінің алдын-алу керек.

- Мен бұған дейін республикамыздың өңірлерінің қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді тапсырғанмын. Алғашқы нәтижелер де бар. Тамыздың 22-сінен бастап бір ай көлемінде "Мега" сауда орталығының алдында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтетін болады, - деді әкім.

Қала басшысының пікірінше, мұндай шаралар тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие, сондықтан жәрмеңкелерге барлық өңірлерді тартып, тауар көлемін арттыру қажет. Елордадағы жәрмеңкеге әкелінетін тауарлар бағасы нарықтағы бағалардан әлдеқайда арзан болуы шарт.

- Қазіргі жағдайда мұндай шаралар өте қажет, - деп атап өтті әкім.

Жәрмеңке өткізуге берілетін арнайы аумақтарға тоқтала отырып, Ә.Жақсыбеков "Шапағат" базарының осы мақсаттарға арналғанын баса айтты. Алайда оның аумағы көбінде басқа мақсаттарда қолданылады.

- Базар алыпсатарларға толы. Тұрғындар ол жерге тауар өндірушілерден арзан бағаға өнім сатып алу үшін барулары керек. "Шапағат" базарында бір аптаның ішінде тәртіп орнатуды тапсырамын, - деді әкім.

Елорда басшысы дәрілердің, әсіресе, өмірлік маңызы бар препараттардың бағасы өспеуін қадағалау керектігін де атап өтті.

Жиын барысында Ә.Жақсыбеков елорда саябақтары мен гүлзарларында қала тұрғындарының демалысын ұйымдастыру жұмыстарына да тоқталды. Әкімнің айтуынша, астаналықтардың қатысуымен мәдени-бұқаралық шаралар көптеп ұйымдастырыла бастады. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде ұйымдастырылуы керек, алаңдар, саябақтар мен гүлзарлар қала тұрғындары мен туристерді тарту орындарына айналулары қажет.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!