Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байқауға өтініш қабылдау жалғасуда

Фотография - Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байқауға өтініш қабылдау жалғасуда

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Бәріміз бірдейміз – Кемсітуді білмейміз" байқауына қатысуға өтініштер қабылдауды жалғастыруда.

196 0

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Бәріміз бірдейміз – Кемсітуді білмейміз" байқауына қатысуға өтініштер қабылдауды жалғастыруда. Қазіргі уақытта аталмыш байқауға 25 өтініш келіп түскен.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді: "Үздік әлеуметтік жоба", "Өз кәсібінің үздігі", "Ақылдылар", "Үздік студент", "Үздік би", "Үздік орындаушы", "Үздік шығармашы", "Ең тату отбасы", "Алтын қалам".

Байқауға 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар жас ерекшелігіне қарай анықталады: 6 -14 жас аралығында, 14-тен 29 жасқа дейінгілер, 29-дан 45 жасқа дейінгілер. Басты мақсат  -  мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың шығармашылық потенциалын дамытуға көмектесу.

Қатысуға өтініштер Ш. Иманбаева көшесі 16 үй, 2 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады. Байқау ережелерімен басқарманың www.uzsp.astana.kz ресми сайтында танысуға болады.

Толық ақпаратты алу үшін 21-22-61 телефонына хабарласа аласыздар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!