"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi тағайындалды

Фотография - "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi тағайындалды

Берiк Уәли "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi қызметіне тағайындалды.

390 0

Берiк Уәли "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi қызметіне тағайындалды. Ол "Нұр Отан" партиясының ақпараттық-идеологиялық бағыты мен ұлттық-патриоттық мәселелеріне жауап береді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Берiк Уәли Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің түлегі.

"Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Әр жылдары журналистика саласында, "Таң", "НТК", "31 арна", "Хабар" телеарналарында жұмыс жасады. 2009-2012 жылдары партиялық медиа ресурс – "Нұр Медиа" ЖШС жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі болды.

Тағайындалуға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!