"Мектепке жол" акциясы: "Нұр Астана" мешіті 200 жанұяға жәрдем берді (ФОТО)

Фотография - "Мектепке жол" акциясы: "Нұр Астана" мешіті 200 жанұяға жәрдем берді (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына сайланғанда жаңа оқу жылы маусымы қарсаңында тұрмысы төмен отбасылары үшін республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру туралы барлық мешіт имамдарына пәрмен берді.

413 0

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына сайланғанда жаңа оқу жылы маусымы қарсаңында тұрмысы төмен отбасылары үшін республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру туралы барлық мешіт имамдарына пәрмен берді. Бұл игі идея өз өміршеңдігін дәлелдеп, жыл сайын аудан, облыс, қала мешіттерінде дәстүрлі жобаға айналды.

Осы бағытта мешіттерімізде жыл сайын республика көлемінде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігі "Нұр Астана" орталық мешітінің ұйымдастыруымен "Мектепке жол" акциясы елордалық оқушыларды құшағын жая қарсы алып, балғындарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Шараға арнайы қатысқан ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. "Мінекей, жаңа оқу жылы да басталды. Сіздердің міндеттеріңіз – осы оқу жылын да лайықты білім алу. Білімді жас – біздің еліміздің болашағы. Талмай-тынбай, жалықпай-жабықпай білім алыңыздар, оқу оқып, ғылым үйреніңіздер. Сіздерге ұсынып отырған мектепке қажетті құралдар - Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының сыйы деп қабылдаңыздар. Мұндай шара барлық облыстағы мешіттерімізде жүзеге асуда", - деді Ғ.Мәжиев.

Аппарат басшы баяндағандай, Діни басқарма мектеп маусымына дайындық жасауға мүмкіндіктері шектелуі, көп балалы отбасыларға демеу болу мақсатында аталмыш акцияны дәстүрлі түрде қолға алып отыр. Осы мақсатта бүгінгі "Нұр Астана" мешітінде өткен шарада 200-ге жуық көпбалалы және тұрмыс-ахуалы төмен отбасыға оқушылардың мектеп формасы, оқу құралдары мен киім-кешектер таратылды. Сонымен қатар оларға қаржылай да көмек көрсетілді.

Шара соңынан дін қызметкерлері балғындардың білім мерекесі құрметіне "Думан" ойын-сауық кешеніне тегін саяхат ұйымдастырып, оқушылар ойын орталығындағы алып аквариум балықтарын, таңғажайып көріністерді тамашалады.

 

ummet.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!