Астанада қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын 11 жаңа бағдар енгізіледі

Фотография - Астанада қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын 11 жаңа бағдар енгізіледі

2015 жылдың 29 тамызынан бастап Астана қаласында қоғамдық көліктердің 20 бағдары өзгертіледі.

164 0

2015 жылдың 29 тамызынан бастап Астана қаласында қоғамдық көліктердің 20 бағдары өзгертіледі. Бұл модернизация үлгісі алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес Астана қаласы Жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасы мен "Астана ЛРТ" ЖШС бірлесе жүзеге асырылып жатыр.

Басты мақсат - бағдарлар желісін жақсарту, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қайталанатын қозғалыс жолдарын үйлестіру.

Астана қаласы бағдарлар желісінің концепциясы халықаралық TYPSA компаниясы кеңесшілерімен бірігіп жетілдірілді. Сарапшылар ескі бағдарлар желісін саралап, жолаушылар ағымын зерттеп, ауқымды сауалнама жүргізді. Нәтижесінде, жаңа модернизацияланған бағдарлар желісі елорданың тұрғындары мен қала қонақтарының 85 пайызын қанағаттандыратыны анықталды.

Қалалық бағдарлармен қатар, Астана қаласында 11 жаңа қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қосымша маршруттар енгізілмек: Астана - Ақмол маршруты № 300, Астана - Қосшы № 303, Астана - Лесная поляна № 301, Астана - Тайтөбе № 302, Астана - Жібек жолы № 304, Астана - Қараөткел № 305, Астана - Талапкер № 306, Астана - Қоянды № 307, Астана - Қабанбай батыр № 308, Астана - Қошқарбаев № 309, Астана - Максимовка № 310.

Қала маңындағы бағдарлар құны бір шақырымға 6,6 теңгені құрайды. Сонымен қатар, диспетчерлік қызметтің жаңа жүйесі де енгізіледі деп жоспарланған.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!